ҚОРДА ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ҚАЛАЙ БӨЛІНЕТІНІ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ
Қалалар мен ауылдардағы медициналық қызмет көлемін жоспарлау бірнеше негізгі факторларға, оның ішінде қалалық және ауылдық жерлердегі халық саны, төлем әдістері, инфрақұрылымның болуы және кадрлардың толықтырылуына байланысты.
Күндізгі стационарларда 100 адамға шаққандағы медициналық көмек көлемінің объективті бөлінбеуіне қатысты ақпарат бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ келесі ақпаратты хабарлайды.
Екі өңірде 100 адамға шаққандағы күндізгі стационарға жатқызу санының 25 есеге айырмашылығын ескере отырып, Қарағанды облысы жоғары урбанизацияланған өңір болып табылады, онда қала халқының үлесі 84%-ды құрайды. Яғни, жалпы 1,2 миллион адамнан астам халықтың 1 миллионнан астамы қалалық тұрғындар.
Сонымен қатар, Алматы облысында ауыл халқы басым, ал қала халқының үлесі 4%-ды құрайды. 1,6 миллион адамнан қала халқының саны 67,9 мың адамды құрайды, бұл Қарағанды облысынан 15 есе аз.
Өз кезегінде, медициналық көмекті жоспарлау кезінде, жалпы алғанда, сондай-ақ тәулік бойғы және күндізгі стационарлар бойынша қала және ауыл халқының арақатынасы ескеріледі.
Ауылдық тұрғындарға медициналық көмек көрсетуге арналған шығыстар стационарлардың екі түрінде де бөлек санаттар бойынша жоспарланады және орналастырылады, сондай-ақ төлем әдістерінің ерекшеліктеріне ие. Егер бұл ТМККК шеңберінде болса, онда бұл – емделген жағдайларды ескерместен ауылдың жаһандық бюджеті аясында төлеу, ал МӘМС жүйесінде – емделген жағдайлар бойынша клиникалық шығындар топтарына сәйкес төлеу.
Сонымен қатар, ескеру қажет мәселелердің бірі – бұл аталған өңірлердегі медициналық инфрақұрылымның және төсек-орын қорының өткізу қабілетінің болуы, оны 2024 жылдан бастап тиісті денсаулық сақтау басқармалары бекітеді. Мысалы, Алматы облысында күндізгі стационардың 2035 төсек-орнының тек 613-і (30%) қалалық медициналық ұйымдарда ашылған, ал Қарағанды облысында күндізгі стационардың 2744 төсек-орнының 2394-і (87%) қалалық медициналық ұйымдарда ашылған.
Мысалы, 2023 жылы Іле орталық аудандық ауруханасында күндізгі стационарда 7511 жағдай емделді (тіркелген халық саны 200 мың адамнан асады), ал Қонаев қалалық көпбейінді ауруханасында 2138 жағдай (тіркелген халық саны 77 мың адамнан асады).
Қарағанды облысының Осакаров аудандық ауруханасында 2023 жылы күндізгі стационарда 619 жағдай емделген (тіркелген халық саны 29 мың адамнан асады), ал Қарағанды қаласының №3 емханасында 6322 жағдай (тіркелген халық саны 58 мың адамнан асады).
Бұл мысалдар қалалық медициналық ұйымдардың күндізгі стационарларына ауылдық клиникалармен салыстырғанда жүктеменің жоғары екенін көрсетеді және сәйкесінше бұл факторлар қаржыландыру көлеміне әсер етеді.
Осыған байланысты, күндізгі стационарларды қалалар мен ауылдық жерлерде қаржыландыру көлемі объективті түрде салыстыруға келмейді, өйткені негізгі базалық факторлар, соның ішінде қала мен ауылдағы халық саны, төлем әдістері, инфрақұрылымның болуы және кадрлармен қамтамасыз етілу деңгейі салыстырылмайды.
Сонымен қатар, ресурстарды тиімді жоспарлау және пайдалану «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 12-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) құзыретіне жатады.
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес ЖАО міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті жоспарлауды қамтамасыз етеді.
Сондықтан, медициналық қызметтерге болжамды қажеттілік туралы деректерді ұсыну – халыққа медициналық көмек көрсету және жоспарлауды қамтамасыз ету бойынша өз функцияларын орындау шеңберінде ЖАО-ның міндеттерінің бірі болып табылады.
Осылайша, күндізгі стационарлар бойынша қаражатты бөлуде кейбір өңірлердің Қор тарапынан негізсіз қысымға ұшырауы және қаражаттың дұрыс бөлінбеуі туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

27.09.2024
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ: БҰЛ КІМГЕ ТИІМДІ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Медициналық ұйымдарды тәуекел аймақтарына бөледі. Олардың үштен екісі «жасыл дәлізге» кіреді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында бұның қандай нәтиже беретінін түсіндірді.
20.12.2024
ТАҒЫ БІР БАНК МӘМС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛУ ҚЫЗМЕТІН ҚОСАДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС туралы ақпарат беретін банктер тізімін кеңейту жұмысын жалғастыруда. ForteBank-пен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
19.12.2024
ҚОР ӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ АШЫҚТЫҒЫ МЕН ЕСЕПТІЛІГІН ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өз қызметінің қоғам алдындағы ашықтығы, айқындығы және есептілігі қағидаттарын қалай ұстанатыны туралы толыққанды материал дайындады.
19.12.2024